431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында МЖӘ аясында 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланды

  • 227
  • UPD: 09:50, 05.08.2020
Алматы облысында МЖӘ аясында 51 жобаны жүзеге асыру жоспарланды

Алматы облысында алдағы 3 жылда мемлекеттік–жекеменшік әріптестік аясында 51 жобаны іске асыру жоспары бар. Оған 84 млрд теңге қаржы бөлінбек. Қазірдің өзінде 30 келісім-шартқа қос тараптар қол қойған.

Биыл тағы 21 жобаның жобалық-сметалық құжаты мақұлданып, бизнес-жоспары бекітіледі. Оның басым көбі мәдениет, денсаулық, спорт және білім мекемелері болады. Жүзеге асқан жобаның ішінде Қарасай ауданында 60 орындық медициналық зертхана бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы серуендеу орнының құрылысы да салынады. Бұдан өзге Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана жанынан жағдаяттық орталық ашылатын болады. Ол өкпе және сүт безі қатерлі ісігін ерте кезден анықтауға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы