420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өңдеу өнеркәсібіне індет қалай әсер етті

  • 175
  • UPD: 22:27, 05.08.2020
Өңдеу өнеркәсібіне індет қалай әсер етті

Шектеу шараларына байланысты өңдеу саласындағы кей инвестициялық жобаны жоспарлы түрде іске асыру мүмкін болмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін еліміздегі инфрақұрылымдық жобалардың іске асу тақырыбына арналған брифинг өткен. Жаңағы мәселе сонда айтылды. Бұған импорталатын құрал-жабдық пен шикізатты жеткізудегі кедергілер, сосын шетелдік мамандардың елге келе алмауы себеп. Сондықтан импортқа тәуелді өндіріс саласында инвестицияны игеру 4-ші тоқсанға шегеріледі. Индустрия және ифрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, пандемия кезінде жеке қорғаныс заттарына сұраныс артқандықтан биыл 4 жаңа өндірістік жоба іске қосылған. Бұл кәсіпорындардың бірі қорғаныш заттарын, қалғандары зарарсыздандыру құралдарын өндіреді.

Аманияз Ержанов, ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары:

– Әлемді жайлаған пандемияның салдарынан халықаралық саудаға салынған шектеулер нәтижесінде өңдеуші  өнеркәсіп өнімі экспортының көлемі биыл қаңтар-мамырда 18,6 процентке азайып, 5,2 долларды құрады.

Хабар 24 телеарнасы