428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теңге нығайып келеді

  • 189
  • UPD: 15:42, 06.08.2020
Теңге нығайып келеді

Теңге бірте-бірте нығайып келеді, хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы екі күнде ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 1 теңге 72 тиынға өсім көрсетті. Бірақ бұл қарқын алдағы уақытта жалғаспауы мүмкін. Қазақстан қор биржасының басшылығы әзірге болжам жасай алмай отыр. Өйткені қаржы нарығы әлі де тұрақсыз. Айталық, осы айдың басында ұлттық валюта 3,5%-ке құнсызданған еді. Ал қазір қайтадан еңсе тіктей бастады.

Наталья Хорошевская, KASE қор биржасы төрағасының орынбасары:

- Соңғы екі күнде теңгенің нығайып жатқаны байқалады. Алдағы күндері бұл қарқын жалғаса ма, жоқ әлде теңге қайта құнсыздана ма, ол жағын әзірге болжау қиын. Бірақ қазір ұлттық валюта бірте-бірте еңсесін тіктеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы