421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда күріш өндірісі екі есеге артты

  • 239
  • UPD: 11:34, 08.08.2020
Қазақстанда күріш өндірісі екі есеге артты

Биыл өсімдік тектес азық-түлік өндірісі едәуір өсті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Статистика комитетінің мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өңделген күріш өндірісі 81,2%-ке (60-тан 107,5 мың тоннаға дейін), өңделген және көкөністер консервілері (картоптан басқа) - 49%-ке (6,9-дан 10,2 мың тоннаға дейін), макарон өнімдері - 13,5%-ке (81-ден 92 мың тоннаға дейін), маргарин - 12,6%-ке (30-дан 33,7 мың тоннаға дейін), жарма - 10,6%-ке ( 40-тан 44,5 мың тоннаға дейін), тазартылған және тазартылмаған өсімдік майы 9,5%-ке (212-ден 232 мың тоннаға дейін), ұн 8%-ке (1546-дан 1670 мың тоннаға дейін), кондитерлік ұн өнімдері - 3,4%-ке (70,4-тен 73 мың тоннаға дейін) өсті.

Өткен жылдың деңгейінде жаңа піскен нан (323 мың тонна), сондай-ақ жеміс-көкөніс шырындары (30,4 млн литр) өндірілді. Сонымен бірге сірне өндірісінің 52%-ке (21-ден 10 мың тоннаға дейін), крахмал мен крахмал өнімдерінің - 9,3%-ке (15,2-ден 13,8 мың тоннаға дейін) төмендеуі байқалады.

Хабар 24 телеарнасы