426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреу себебін түсіндірді

  • 293
  • UPD: 11:57, 11.08.2020
Ұлттық банк төрағасы теңге бағамының әлсіреу себебін түсіндірді Prodengi.kz

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев атап өткендей, инвесторлардың коронавирустың екінші толқынынан алаңдаушылығының өсуіне байланысты дамушы елдер валюталарының жалпы әлсіреу үрдісі сақталуда.

«Ағымдағы жылғы маусымның соңынан 10 тамыз аралығындағы кезеңде түрік лирасы 6,9%-ға, Индонезия рупиясы – 3%-ға, Аргентина песосы – 3,3%-ға арзандады. Жалпы үрдіс аясында Ресей рублі де 3,6%-ға әлсіреді, бұған бюджеттік ереже шеңберінде Ресей Федерациясы Орталық Банкінің валютасын сатудың төмендеуі, негізгі ставка төмендегеннен кейін инвесторлардың федералдық қарыз облигацияларынан шығуы, сондай-ақ инвесторлар алған Ресей компаниялары дивидендтерінің валютасына конвертациялау ықпал етті», – деп келтіреді primeminister.kz Е.Досаевтың сөзін.

Дамушы елдер валюталарының әлсіреуі аясында теңгенің айырбастау бағамы ағымдағы жылғы шілдеден бастап ағымдағы жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша бір АҚШ доллары үшін 404,07 теңгеден 418,31 теңгеге дейін 3,5%-ға әлсіреді. Теңгенің әлсіреуі бір баррель үшін $40-тан жоғары деңгейде тіркелген мұнай бағасын белгілеумен тежеледі.

7 тамызда мұнай бағасы мұнай қорының төмендеуі және ОПЕК+ мәмілесінің сақталуы аясында бір баррель үшін $44,4 деңгейінде бекіді.

Республикалық бюджетке кепілдік берілген трансфертті бөлу мақсатында Ұлттық қор активтерін конвертациялау, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор компанияларының экспорттық валюталық түсімінің бір бөлігін міндетті сату жөніндегі ұзартылған шаралар ұлттық валютаға ішкі қолдау көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы