431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда жалпы ішкі өнім 2,9 процентке төмендеді

  • 263
  • UPD: 13:52, 11.08.2020

Жыл басынан бері жалпы ішкі өнім 2,9 процентке төмендеді. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында мәлімдеді.

Руслан Дәленов 2020 жылғы қаңтар-шілде қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне тоқталды. Тауарлар өндірісі 2,1 процентке өсті, сонымен бірге көрсетілетін қызметтер 6,2 процентке қысқарды. Жалпы ішкі өнім 2,9 процентке төмендеді. Жылдық инфляция 7,1 процентті құрады.

Министрдің айтуынша, бұл күтілген инфляция дәлізінен төмен. Сондай-ақ ол осы аралықта жағымды үрдістер байқалғанын да жеткізді. Әсіресе экономиканың нақты секторында өсім жалғасуда екен. Ең алдымен құрылыс, өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы салаларында. Сонымен қатар ол карантиндік шектеулерге байланысты сервистік қызметтер көлемінің қысқаруы, сондай-ақ мұнай өндіру қарқынының төмендегенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы