423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Жұмысын қайта бастайтын елордалық кәсіпкерлер арнайы порталға тіркелуі тиіс

  • 420
  • UPD: 20:08, 16.08.2020
Жұмысын қайта бастайтын елордалық кәсіпкерлер арнайы порталға тіркелуі тиіс

InfoKazakhstan.kz. Елордада ертеңнен бастап жұмысын қайта жандандыратын кәсіпкерлер міндетті түрде осы порталға онлайн тіркелуі қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде санитарлық талаптар бойынша акт беріледі. Арнайы порталды «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы іске қосты. Мақсат – коронавирустан сақтану. Сайтқа кірген әр кәсіпкердің деректері автоматты түрде шығады. Қалалық бас санитардың қаулысына сай жұмысын бастайтын бизнес түрлерінің 90%-іне тексеруден өтудің қажеті жоқ. Бірақ сауда орындары мен лагерьлердің санитарлық жағдайы міндетті түрде бақылау болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы