425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға астық сату жалғасуда

  • 362
  • UPD: 17:23, 17.08.2020
Ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға астық сату жалғасуда

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ ұн тартатын және құс өсіретін кәсіпорындарға астық сатуды жалғастыруда.

Ішкі нарықтың астыққа қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы егін түскенге дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап ұн тартатын кәсіпорындар мен құс өсіру шаруашылықтарына 3 және 4 сыныпты жұмсақ бидайды сатуда.

Бүгінгі күні аталған АӨК субъектілеріне Азық-түлік келісімшарт корпорациясының 90 мың тоннадан астам астығы, оның ішінде:

– Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының ұн тартатын мекемелеріне 65,6 мың тонна;

– Шымкент қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының құс шаруашылықтарына 24,8 мың тонна жөнелтілді.

Астықты сату «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасы» АҚ арқылы ұн тарту және құс шаруашылығы кәсіпорындарына арналған сауда-саттық үшін арнайы құрылған секциядағы қосарланған қарсы аукциондар режимінде жүзеге асырылады.

Астықты босатуды Азық-түлік келісімшарт корпорациясы уәкілеттік берген астық қабылдау кәсіпорындары жүргізеді.

Ішкі нарықта кепілді жеткізу мақсатында Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ұн тартатын кәсіпорындар мен құс шаруашылықтарына астық сатуды тоқтатпауды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы