429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пандемияда жүктемеден артық жұмыс істеген мұнайшыларға үстемақы төленбеген

  • 223
  • UPD: 20:00, 18.08.2020
Пандемияда жүктемеден артық жұмыс істеген мұнайшыларға үстемақы төленбеген

Пандемияға орай жұмыс күндері тиісті сағаттан артық қызмет еткен мұнайшыларға міндетті үстемақы төленбей келген.

Ақтөбе облысындағы екі бірдей ірі өндіріс компаниясы жұмысшыларына шамамен 300 миллион теңге берешек боп қалды. Бұл жайт құзырлы органдардың тексеруінен кейін белгілі болды.

Атап айтсақ, вахтада жүрген жандар белгіленген уақыттан артық еңбек ететін болса, олардың әрбіріне үстемақы төленуі тиіс. Ұжымдық келісімде көрсетілген бұл шартты елемей жүрген мекемелерге еңбек инспекциясы тарапынан ұйғарым шығарылған. Нәтижесінде 850 жұмысшының 130 миллион теңге көлеміндегі қаражаты төленді. Ал мыңнан астам азаматқа берешек боп қалған екінші кәсіпорынға қатысты сот органдарының да үкімі шықты. 

Қайрат Бекенов, облыс  әкімінің орынбасары:

- Осы мекеменің аясында бізде құқық бұзушылық анықталып, сотқа материалдар жіберіліп төлемге міндеттемелер салынды. Бүгінгі таңда біздің есебіміз бойынша тағы да қосымша 150 миллион теңге жұмысшыларға еңбекақысына төлеткізу керек.

Хабар 24 телеарнасы