424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл соңында еліміздегі жұмыссыздық 6,1% деңгейінде болады

  • 175
  • UPD: 20:11, 18.08.2020
Жыл соңында еліміздегі жұмыссыздық 6,1% деңгейінде болады

Жыл соңында еліміздегі жұмыссыздық деңгейі 6,1 процент деңгейінде болуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеметтік қорғау министрінің орынбасары Серік Шәпкенов осылай дейді.

Бұл орайда мемлекеттік бағдарламалардың маңызы зор. Биыл 743 мың адам жұмысқа орналасты. Алдағы 4 айда тағы 500 мыңнан астам азаматқа жәрдем көрсетілмек. Қазір «Жұмыспен қамту» жол картасының аясында 6 мыңнан астам жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде 154 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Олардың жалақысына 75 миллиард теңге бөлінді.

Айта кетерлігі, 1 миллионнан астам адам жұмыс іздеп, электронды еңбек биржасына жүгінген. 300 мыңнан астамы жұмысқа орналасты. 

Серік Шәпкенов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары: 

- Негізгі көрсеткішке қарайтын болсақ, 73%-і ауылдық жердің азаматтары болып келеді. 37%-і жастар, сонымен қатар 17%-і ЕСП төлеушілері. Себебі біз ЕСП төлеушілерін қайтадан жұмысқа тарту жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 9%-і аз қамтылған отбасылардың ішінен. Орташа жалақы бұл бағдарлама бойынша 130 мың теңгені құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы