426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда ірі габаритті техникаға сервистік қызмет көрсететін орталық ашылды

  • 141
  • UPD: 23:22, 18.08.2020

Қарағандыда «Қазақинвест» ұлттық компаниясының қолдауымен ірі габаритті техникаға сервистік қызмет көрсететін орталық ашылды. Оны Қазақстандық "EURASIAN MACHINERY" компаниясы жапондық компаниямен бірлесіп ашқан. Инвестиция көлемі 5 млн доллар. Бұл тау-кен өндірісінде жетекші орында тұрған Қарағанды облысы үшін тиімді болмақ.

Жаңадан ашылған «сервистік орын қарапайым жүк техникасынан өзге биіктігі 7 метрге жуықтайтын өндіріс гиганттарын да жөндей алады. Қарағанды облысындағы тау-кен орындарында күншығыс елінің барлық техникалары бар екенін  ескерсек, орталықтың қызметіне сұраныс жоғары. Сәйкесінше жаңадан ашылған орын жылына 400-ге жуық техника компонентерін жөндей алатын болады. 

Өмірбек Мұхамбетов, «Eurasian Machinery» ЖШС Бас директорының орынбасары:

- Мына сервистік орынның ашылуы ірі техникаға осы Қарағандыдан шықпай қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл кәсіпорындағы техника істен шыққанда жұмыстың ұзақ уақыт тежелмеуіне жол ашады. Және уақытқа да үнемді. Себебі бұрынғыдай басқа қала не өзге мемлекеттен бөлшектерге тапсырыс беріп керегі жоқ.

Тацухико Касаи, Жапонияның Қазақстан Республикасындағы  Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Жапондық компаниялар үшін қашан да қызметтің тиімді болғаны маңызды. Біздің инвесторлар қашанда инвестициялық климаттың қолайлы болғанын қалайды. Қазақстанда осы жағдай жасалып отыр.  Бұл Қазақстан үшінде тиімді. Себебі жапониялық тауарды делдалсыз арзанға алуға болады.

Қарағанды облысында көмір өндіретін ірі кен орындарының бірі «Шұбаркөл Көмір» компаниясында 30-дан астам жапон машинасы бар.

Мамандардың айтуынша, бұл елдің техникасы ауыр жүкке төзімді және ұзақ уақыт қызмет ете алады. Ал техника істен шықса, жөндейтін орынның ашылғаны нұр үстіне нұр.

Иван Володин, «Шұбаркөл көмір» АҚ бас механигі:

- Ауыр агрегаттарды осында жөндеу біз үшін уақыт жағынан да қаржы жағынан да өте тиімді. Себебі разрезден осында техниканы жеткізуі үшін санаулы сағат ғана кетеді. Жөндеу жұмыстары біткен соңтехника қайтадан жұмысқа жұмылдырылады.  

Сервистік орталықта қазірдің өзінде 75 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мамандар үнемі Жапония, Германия, Түркия және Ресей сынды елдерден біліктілігін арттырып отырады. Бұдан бөлек компанияның Алматыда жеке техникалық оқыту орталығы бар.

Авторлары: Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы