421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев бөлініп жатқан қаражатты мұқият әрі тиімді жұмсауды тапсырды

  • 255
  • UPD: 15:06, 19.08.2020
Қ.Тоқаев бөлініп жатқан қаражатты мұқият әрі тиімді жұмсауды тапсырды

Мемлекет басшысы пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына жол бермеу керектігін айтты.

Президент әр теңге мақсатқа сай жұмсалуы керектігін тілге тиек етті. Бұл туралы ол сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөнінде өткізген кеңесте айтты.

«Пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтарымыздың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейтуіміз керек.

Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша, мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі.

Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуы тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз.   

Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз.

Сондықтан, мұндай мәселелерге болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру өте маңызды», – деді Тоқаев.

Қ.Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі

Хабар 24 телеарнасы