421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда алдағы 5 жылда 2500 ұлттық стандарт пайда болады

  • 80
  • UPD: 13:01, 20.08.2020
Қазақстанда алдағы 5 жылда 2500 ұлттық стандарт пайда болады

Қазақстанда техникалық реттеу жүйесін жетілдіру шеңберінде жаңа ұлттық стандарттар әзірлеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлады СИМ баспасөз қызметі.

2019 жылы жаңа 1 000 ұлттық стандарт әзірленді. 2025 жылға дейін тағы 2500 стандарт әзірленеді. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов халық алдындағы есептік кездесуі барысында хабарлады.

Осылайша, 1 шілдеден бастап Қазақстанда Ислам ынтымақтастық ұйымының, Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының, MS (Малайзия) стандарттарының және басқалардың талаптары ескеріліп, Халалдың әзірленген 5 ұлттық стандарты күшіне енгізілді. 

Министрдің айтуынша, зертханалық желіні дамытуға үлкен назар аударылуда. Елімізде 904 сынақ зертханасы жұмыс істейді, оның ішінде үштен бірі ЕЭК Бірыңғай тізіліміне кірген. Жаңа бағыттар (халал, органика және GLP (химия, мин.тыңайтқыш, құрама жем, дәрі-дәрмек) бойынша зертханалар жаңғыртылады, сертификаттау бойынша мамандар мен сарапшы-аудиторлар даярланатын болады.

«Біздің қысқамерзімді жоспарларымызда өнімді сертификаттауды тестілеудің халықаралық танылған жүйесін құру бар. Бизнес бастапқыда сапасы төмен тауар, нашар орамы проблемасына және жеткізілімнің шектеулі көлеміне жол бермей, халықаралық нарыққа бағдарланған тауар шығаруы тиіс», - деп мәлімдеді Бақыт Сұлтанов.

Хабар 24 телеарнасы