424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар сумен жүк тасымалдаудың инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда

  • 172
  • UPD: 14:03, 23.08.2020
Павлодар сумен жүк тасымалдаудың инвестициялық жобаларын жүзеге асыруда

Ертіс өңірінің өзеншілері су арқылы жүк тасымалын арттыру мақсатында бірқатар инвестициялық жобаны жүзеге асыруда.

Бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Сала мамандарының айтуынша, жергілікті порт бір жылда екі млн тоннаға дейін өнім қазып, тасымалдайды. Ал бұл көлемді 6,5 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік бар. Жүк тасымалын көршілес Ресейге кедергісіз тасымалдау үшін өзеннің түбін тереңдету қажет. Нақтырақ айтқанда, Омбы-Үрлітөбе, Үрлітөбе-Павлодар және Павлодар-Курчатов өзен учаскелерін тереңдету қажет. Жұмыстарды қолға алу мақсатында тиісті қазу құралдары сатып алынған. Бұл тұрғыда өзеншілер жергілікті билік тарапынан қолдау табады деп күтілуде.

Айта кетейік, Ертіс өңірі өзге елдермен су қатынасы мен оңтайлы су жолдарын сақтап қалған бірден бір аймақ. Экономикалық тиімділігі зор. Бүгінде көрші елге қиыршықтас, көмір, техникалық тұз және ағаш тасымалданады.

Ринат Зильмухамедов, Павлодар өзен порты төрағасының бірінші орынбасары:

- Өзен порты техникасына күрделі жөндеу жүргізу мақсатында инвестиция құйып жатырмыз. Мәселен, үш мың тонналық баржамызды  жөндедік. Жуық арада іске қосамыз. Теплоходтарды да жөндеуден өткізудеміз. Сонымен қатар әрқайсысы 62 млн теңге тұратын өзен түбін тереңдететін құралдар сатып алдық.

Хабар 24 телеарнасы