431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақсуда мобильді топтар бизнес нысандарын кез келген уақытта тексереді

  • 199
  • UPD: 09:42, 23.08.2020

Ақсу қаласында  130 бизнес құрылымының жұмысы қайта жанданды. Қызмет көрсету орталықтары, қоғамдық тамақтану және ірі сауда орындары  есігін айқара ашты. Бірақ олардан санитарлық талаптардың  сақтаулы қатаң талап етіледі.  Мобильді топтар кез келген уақытта барып тексеріс жүргізе алады.  Заласыздандыру құралдары болмай шықса сол жерде  әкімшілік хаттама толтырылады. Бұл пандемия жағдайында  ең өзекті мәселе болып қала бермек.

Ақсудағы ең үлкен сауда орталығы бір жарым ай бойы жабық тұрды. Кәсіпкерлер тек  карантин режимі босаңсығанда ғана жұмысқа  кіріскен. Осы уақытта  қарызға белшеден батқан  бизнес өкілдеріне  сауда үйінің әкімшілігі түсіністікпен қарап отыр.  

Мақсұт Нұрғалиев, сауда үйінің директоры:

- Кәсіпкерлердің жалға алу ақысын төлемегендеріне міне екі айға кетті. Бірақ біз олардың жұмыс істеулеріне  жағдай жасаймыз. Жалға алу құнын 50 процентке төмендеттік. Өйткені кейбір шағын дүкендерде  мүлде кіріс жоқ. Сауда тоқтап қалды. Оларды төлемнен босатттық.

Халық нөпірі толастамайтын сауда үйлерінде санитарлық талаптар күшейтілген. Кіреберісте адамдардың дене қызуы өлшенеді. Барлық жерлерге санитайзерлер орнатылған. Сатушылар медициналық маскасыз қызмет көрсетпейді. Осының бәрін жедел топ бақылауға алған.

- Перчатки, санитайзеры у вас есть? Дистанция соблюдается, разметка есть. Запасы масок покажите.

Шағын қалада 9 мониторинг тобы жұмыс істейді. Олардың алтауы ауылдық аймақтарға бекітілген. Ел ішінде карантин режимін бұзу оқиғаларына жиі жол беріледі. 

Мәдина Дүйсембекова, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы:

- Бұл топтардың міндеті карантиндік шараларды тексеру, қалай жұмыс істеп жатыр ашылған бизнес объектілері. Одан кейін антисептик, санитайзер, қолғаптар бар екені тексеріледі. Наурыз айынан бастап шілдеге дейін төтенше жағдай енгізу және карантин жағдайына байланысты осы мониторинг топтары жүргізген тексерістерде 26 бұзушылық анықталды. Маска кимеген, перчатка болмаған, дистанция құрылмаған немесе түнгі уақытта дүкендердің жұмыс істеуі.

Қызмет көрсету саласы бойынша 50-ге тарта нысан ашылып, жұмыс істеп жатыр. Шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған шаралар жалғасын тапқан. Жыл басынан бері Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтары бойынша 75 бизнес бастамаға қайтарымсыз қаржы  беріліпті. Карантиндік шектеулерге орай тағайындалған 42 500 теңгеге  6,5 мың адам қол жеткізген.

Балтабай Қаппасов, Ақсу қаласы әкімінің орынбасары:

- Жалпы қолдау кәсіпкерлерге көрсетіліп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама бойынша, «Еңбек» бағдарламасы бойынша 27 кредит таратылды және де одан басқа «Бизнестің жол картасы»  бойынша 18 кәсіпкер субсидияларын алды. Қарапайым экономика бағдарламасы  бойынша 6 кәсіпкер несиелерін алды.

Қазір эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Шілде айының ортасында 216  пневмония, 174  коронавирус оқиғасы  тіркелген болатын. Қазір қос өкпесі қабынған 16 науқас емделіп жатыр. Ал коронавирус бұл айда тіркелмепті.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Марат Игіліков

Хабар 24 телеарнасы