420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Импорт тауарлар отандық ет өндірісін тұншықтырды

  • 146
  • UPD: 23:52, 24.08.2020

Елдегі сауда сөрелеріндегі азық-түліктің тең жартысы неге шетелдік өнім? Отандық өндірушілер «нарықтағы сұранысты қанағаттандыруға өзіміздің де шамамыз жетеді» дейді. Сонда импортты алмастыруға не кедергі?

Мына зауытта жылына 1 миллион 222 мың тона дайын ет өнімдері шығарылады. Бұл бір ғана өндірістің жылдық қуаты. Өндірушілер сұранысты толық қамту үшін өнім көлемін бірнеше есе арттыруға дайын. Алайда нарықтың жартысын жаулаған импорт отандық өнімді көбейтуге мүмкіндік бермей отыр.

Хадиша Бижан, ет өңдейтін зауыт басшысы:

- Біздің мынау торговляда, біздің 50 проценттен артық имортный продукциялар қаптап кетті. Оның ішінде әсіресе россия. Российская Федерациядан и Белорусия. И Киргизия бар. Қазір бүкіл мясопереработчиктер елу процент ғана қамтамасыз етіп, жұмыс жасап отырмыз. Егер полный ететіні бізде онда импорт азайса, біз экспортқа шығар едік. Өйткені біз қазір үштен бірі ғана сыртқа шығарып жатырмыз мына зауыттан. 

Отандық тауардың импорттың көлеңкесінде қалуы тек ет өңдеу саласында ғана емес. Елімізде жылына 360 тонна кондитерлік өнім шығарылады. Бұл нарықтың 48 пайызы. Ал нарықтың  жартысын жаулаған импорттың 85 пайызы Ресейден келеді. Отандық тауардың қадамын тұсап отырған мәселені өндірушілердің көтеріп жүргеніне көп болды. 

Әлихан Талғатбек, Қазақстан кондитерлері қауымдастығының президенті:

- 2005-2006 жылдары кондитер өнімдерінің кейбір түрлерін әкелуге қатысты сақтық шараларын енгізуді сұрағанбыз. Яғни импорт өнімдерге қосымша баж салығын салу. Бұл шара 9 айға жүрді. Сол уақытта отандық өндіріс 70 пайызға өсті. Артынша бұл шара тиімсіз деп тоқтатылды. 9 айда жиналған баж салығы импорттушыларға қайта қайтарылды. Әрине бұдан кейін импорт көбейді де отандық өнім бұрынғы қалпына түсті.    

Бәсеке болу үшін нарықта тауар түрінің көп болуы заңды. Тұтынушының таңдауы әртүрлі.  Дегенмен, отандық тауарды пайдаланатындардың қатары көп.

- Өзіміздің жаңағы Қазақстаннан шыққан конфеттерді алып, өнімдерден алып жейміз. Енді өзіміздің Қазақстандікі болғандықтан өзіміздікі свежий болады.

- Отандық тауарларға көбірек көңіл бөлемін. Соларды алуға тырысамын. Олар біріншіден, өзімізде шығады. Екіншіден, сапалы. үшіншіден, Қазақстанның экономикасына өз пайдамызды тигіземіз. 

Азық-түлік өндірісі Қазақстанда шикізаттан кейінгі экономикаға пайда әкелетін негізгі сала. Сондықтан, отандық өнімді көбейтуге мүдделіміз. Ал, импорттың елімізге еркін енуі құжаттық салғырттықтан дейді сарапшы.

Мақсат Халықов, экономист-сарапшы:

- Бірінші кезекте бізде стандарттау және сертификаттау жұмысының әлде де осы дұрыс жолға қойылмай отырғандығы. Яғни келісім жасалғн тұста біз аз ғана стандарттар бере алдық. Егер де еттің құрамында жусанның немесе болмаса дермененің элементтері болмайтын еттер болса, онда ол біздің стандартқа сәйкес емес. Ондай өніміді біз кіргізбейміз десек онда болды мәселе көп жерде шешілетін еді. 

Отандық сүт, ет өнімдері, кондитерлік тәттілердің сырт көрінісі импортқа қарағанда көз тартпауы мүмкін. Алайда сапасы сырттан келетін азық-түліктен кем емес, дейді жергілікті халық.

Хабар 24 телеарнасы