426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарын айналымға шығарды

  • 273
  • UPD: 14:54, 25.08.2020
Ұлттық банк «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарын айналымға шығарды ҚР Ұлттық банкі

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» коллекциялық монеталарын айналымқа шығарады.

Монеталарды шығару Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орайластырылған, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

«QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA 25 JYL» монеталарының сипаттамасы:

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Сол және оң жағында - ұлттық ою-өрнек элементтері. Нейзильберден жасалған монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 TEŃGE» жазуы бар, ал мельхиордан жасалған монетаның астында «200 TEŃGE» жазуы орналасқан. Айналдыра «QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазбалар бар.

Монеталардың сыртқы жағында (реверсінде) елдің негізгі заңы – Қазақстан Республикасының Конституциясын бейнелейтін ашылған кітаптың айшықты бейнесі және Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бар. Жоғары жағында соғылған жылын білдіретін «2020» деген жазба бар. Айналдыра «QAZAQSTAN KONSTITÝSIASYNA» және «25 JYL» деген жазбалар бар.

Мельхиордан жасалған монеталардың бейнесі

Нейзильберден жасалған монеталардың бейнесі

Техникалық өлшемдері:

«Рroof-like» сапалы монеталар МН 25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңгелік, таралымы 3000 данада дайындалды. Монеталарда алтындату технологиясы қолданылған.

«Uncirculated» сапалы монеталар МНЦ 15-20 МНЦ 15-20 қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңгелік, таралымы 50 000 данада дайындалды.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Номиналы 200 теңгелік және 100 теңгелік коллекциялық монеталар төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында олардың белгіленген құнымен қабылдануға, сондай-ақ банк шоттарына есепке алынуға және аударылуға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар кәдесыйлық орамда шығарылады.

Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған.

Аягөз Қуаныш, мектеп оқушысы:

– Конституция – мен үшін мемлекетіміздің маңызды саяси белгісі. Оған осы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Конституция маған мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік береді. Конситуцияға қарап басқа заңдар оған сәйкестендіре қабылданады. Конституция адамдардың теңдігін бекітті.

Қайрат Мәми, ҚР конституциялық кеңес төрағасы:

– Бүгінгі жинақтарға және пошта маркасында бейнеленген әрбір туындыға, маркаға көңіл аударсаңыз, Қазақстан Конституциясына деген зор сенім және риясыз құрметті аңғарамыз. Жинақтарда таңдай қақтырар шумақтар мен жан тебірентер ойлар тұнып тұр. Себебі сөзіміздің еркін, рухымыздың асқақ болуына ата заңымыздың қосқан үлес қомақты.

Хабар 24 телеарнасы