420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылы Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші 2,8 % шамасында сақталуы мүмкін – Асқар Мамин

  • 160
Келер жылы Қазақстанның ЖІӨ көрсеткіші 2,8 % шамасында сақталуы мүмкін – Асқар Мамин

Келер жылы еліміздің жалпы ішкі өнім көрсеткіші 2,8 процент шамасында сақталуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімет басшысы Асқар Мамин осылай деді. Қауіпті індет тек Қазақстанның ғана емес, өзге әлем елдерінің де экономикасына айтарлықтай әсер етті. Халықаралық қаржы институттарының бірі арнайы зерттеу жүргізіп, сараптама жасаған. Қорытынды кезінде алпауыт мемлекеттердің де көрсеткіштері күрт төмендепті. Қазақстанның да жағдайы біршама тұралаған. Бірақ дағдарысқа қарсы уақытылы қабылданған шаралардың нәтижесінде экономика құрдымға кеткен жоқ. Келесі жылы ішкі жалпы өнім көрсеткішін 2,8 проценттен төмендетпеу керек. Ол үшін жоспарланған бағдарламалардың барлығын жүзеге асыру керек. Премьер-министрдің пәрмені осы.

Хабар 24 телеарнасы