426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


3 қазанда ескі үлгідегі банкноттарды айырбастау аяқталады

  • 222
  • UPD: 14:19, 26.08.2020
3 қазанда ескі үлгідегі банкноттарды айырбастау аяқталады tengrinews.kz

3 қазанда 2006 жылғы үлгідегі номиналдары 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңі аяқталады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Қолма-қол ақша айналымынан алынған банкноттарды Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек қана Ұлттық банктің филиалдарында жүргізіледі.

«2006 жылғы банкноттарды кезең-кезеңімен ауыстыру және алу 2016 жылдың қарашасында басталды. 3 қазанда аталған банкноттардың айналыс мерзімі аяқталғаннан кейін Ұлттық банктің филиалдары оларды қабылдауды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады. Осы күнге дейін банкноттарды еліміздің 17 қаласында орналасқан ҚР ҰБ барлық аумақтық филиалдарында айырбастауға болады», - деп атап өтті Ұлттық банктің қолма-қол ақша айналымы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов.

Ұлттық банк филиалдарының мекенжайлары және байланыс телефондары туралы ақпаратты банктің сайтынан табуға болады. 

Хабар 24 телеарнасы