429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл «Самұрық-Қазынаның» цифрлық трансформациясы 29 млрд теңге пайда әкелді

  • 233
  • UPD: 14:53, 27.08.2020
Биыл «Самұрық-Қазынаның» цифрлық трансформациясы 29 млрд теңге пайда әкелді

Биыл «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамның цифрлық трансформациясы 29 млрд теңге пайда әкелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Компанияның жаңартылған бағдарламасы биылғы дағдарыс кезінде өзінің тұрақтылығын көрсетті. Бұл туралы брифинг барысында акционерлік қоғамның цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры айтты. Бұдан бөлек, бүгінде Қордың портфельдік компаниялары 50-ден астам жаңа идеялар мен бастамаларды қарастырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бенчмарк бойынша пайданы есептеуден бас тартты. Енді әр жобаның қаржылық-экономикалық моделі жасалынып, компания мен нарықтың барлық ерекшеліктерін ескереді. Содан соң қаржы-экономикалық блокпен тексеріледі және есептеулер келісілгеннен кейін ғана компанияның бизнес-жоспарына енгізіледі.

Дәурен Керейбаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Цифрландыру және трансформациялау жөніндегі басқарушы директоры:

- Компанияның әрбір жобасы қаржылық және қаржылық емес түрде көрсетілген нақты артықшылықтарға ие. 2020 жылдан бастап 2024 жылға дейін біз трансформациядан 130 млрд теңге таза пайда алуды күтеміз. Трансформация – бұл біздің портфельдік компаниялардың бизнесін жақсартудың тұрақты процесі. Бұған процестерді оңтайландыру, технологиялық өзгерістер және инновациялық шешімдер арқылы қол жеткізіледі. Осылайша, біз олардың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырамыз.

Хабар 24 телеарнасы