420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан биыл 18 млн тонна астық жинауды көздеп отыр

  • 123
  • UPD: 23:21, 27.08.2020

Биыл Ақмола облысы 5 млн тоннаға жуық астық жинауды жоспарлап отыр. Бүгін Ауыл аруашылығы министрі Сапархан Омаров егістік басында болды. Бұланды ауданының ірі аграрлық кәсіпорнының жұмысын көріп, диқандармен кездесті. 

Көкке де шөпке, дәнді-дақылға толы арқаның кең даласы. Ия, бұл сары даладан ексе егін бітік шығады. Соған дәлел осы егістік алқабындағы бидай өнімі. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша биыл еліміз 18 млн тонна астық жинауды көздеп отыр. Дегенмен, ауа райының қолайсыздығы да егінге өз кесірін тигізіпті.

Сапархан Омаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Бүгінгі күні бидайдың көлемі азайып келе жатыр. Оның орнына майлы дақылдардың көлемі көбейіп келе жатыр. Мысалы майлы дақылдардың көлемі елімізде 3 млн жетіп қалды. Бұрын бұл көрсеткіш 400 мыңнан аспайтын. Сондықтан табыс көп түсетін майлы дақылдарға көп көңіл бөлініп жатыр. 

Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін еліміздің фермерлерінің иелігінде 145 мың трактор, 38 мың комбайн, 39 мың жүк көлігі бар. Олардың басым бөлігі күндіз-түні тоқтамай жұмыс істеуде. Министр егістік басында егіншілердің проблемасын өз ауыздарына естіді. 

Бізге 7 км жол салынып берсе дейміз. Басқа қалауымыз жоқ. Бәрі бар.

Сондай-ақ сапар барысында министр өсімдік майын өндіретін зауыттың құрылысымен де танысты. Жобаның құны 4,2 млрд теңге. Тәулігіне 600 тонна өнім өндіретін зауыт 30 тұрғынды жұмыспен қамтитын болады. Бұланды ауданындағы құс шаруашылығы кешенінің бірінші кезегі осыдан екі жыл бұрын пайдалануға берілген еді. Ал биыл 2-кезеңдегі құрылыс аяқталса, құс фабрикасының қуаты жылына 50 мың тоннаға дейін артатын болады.

Авторлары: Гүлзия Нақыпқызы, Ержан Рахманбердиев

Хабар 24 телеарнасы