426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шілдеде Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 57,0 трлн теңгеге транзакция жүргізілді

  • 258
  • UPD: 17:19, 28.08.2020
Шілдеде Ұлттық банктің төлем жүйелері арқылы 57,0 трлн теңгеге транзакция жүргізілді

2020 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында 17 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істейді, деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі.

Шілдеде Ұлттық банктің төлем жүйелері (банкаралық ақша аудару жүйесі мен банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 57,0 трлн теңге сомаға 4,1 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы маусыммен салыстырғанда саны бойынша ұлғаю 11,2% болды, ал сомасы 15,5% азайды). Орташа алғанда бір күнде аталған төлем жүйелері арқылы 2,9 трлн теңге сомаға 198,6 мың транзакция жүргізілді.

1 тамызда Қазақстанда төлем карточкаларын 22 банк пен «Қазпошта» АҚ шығарды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 41,3 млн бірлік болды. Олардың ішінде шілдеде төлем карточкаларының 56,8%-ын ұстаушылар қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) ақша алу операцияларын жүргізу кезінде пайдаланды.

2020 жылғы шілдеде Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалану арқылы 4,4 трлн теңге сомаға 269,1 млн транзакция жүргізілді (2020 жылғы маусыммен салыстырғанда транзакциялар саны 5,7%, сомасы 2,5% ұлғайды). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі саны бойынша 91,0% дейін (2020 жылғы маусымда 89,8%), көлемі бойынша 68,4% (65,3%) дейін өсті.

Шілде айында халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 70,2 млрд теңге сомаға 0,2 млн аударымды құрады. Маусыммен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің төмендеуі 37,8% құрады. Жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санынан 79,8% (0,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 94,1% (66,1 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аудару жүйелері арқылы жалпы санынан 20,2% (0,05 млн транзакция) және жалпы сомасынан 5,9% (4,1 млрд теңге) жүргізілді. Халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы шетелден 25,6 млрд теңге сомаға 0,1 млн транзакция алынды.

Хабар 24 телеарнасы