426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел бойынша арзан ұн қайда бар?

  • 178
  • UPD: 09:43, 01.09.2020
Ел бойынша арзан ұн қайда бар?

Жаз маусымында саудасы қызып, табысы артатын мейрамхана, дәмхана мен қонақ үйлердің кірісі биыл екі есе қысқарды. Сондай-ақ сұлулық салоны мен жиһаз құрастыру және өзге де қызмет түрін алатындар 20 процентке кеміген. Бөлшек сауда 10 процентке ал, жылжымайтын мүлікті рәсімдеу операциялары 5 процентке қысқарды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мамандары жүргізген сауалнама нәтижесінде кәсіпкерлердің 22 проценті несиелік қарыздарын қайтара алмай отыр. 19 проценті салық төлеуге қаржы таппай отырғанын айтқан. Мемлекет отандық өндіріс орындарына қолдау көрсетіп, импортты азайтуға барынша күш салып жатыр. Десе де, агроөнеркәсіптік кешен саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлердің жартысынан көбі өнім көлемін арттыру үшін айналымға қаржы керек екенін айтады.

Айта кетейк, бүгінге дейін еліміздегі екінші деңгейлі банктер жалпы сомасы 491 жарым миллиард теңге болатын 2 мың жобаны қаржыландыруға шешім шығарған.

Еуразиялық Экономикалық одақ мұнай саласындағы заңдарды үйлестіруге арналған жол картасын әзірлейді. Құжатты Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жанындағы комитет мүшелері талқылады. Тараптар құжат жобасымен келісіп, оны әрі қарай Еуразиялық экономикалық кеңесте қарау туралы келісімге келді. Атап өтейік, құжат жыл соңына дейін бекітіледі деген жоспар бар. Жалпы "Жол картасын" әзірлеу идеясы бұрыннан бар. Осылайша одақ бойынша мұнай және мұнай өнімдерін сатуда ортақ нарық қалыптастыру көзделіп отыр. Мамандар былай дейді. «Мұнай мен газдың ортақ нарығын қалыптастыру - одақты дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі. Осы арқылы өнімдерді тасымалдау қызметтерінде өзіндік тариф те бекітіледі деген болжам бар.

Елде бір жылда ұн 20 процентке қымбаттағаны туралы бірер күн бұрын айтқанбыз. Бүгін нарықтағы баға айдарында өңірлердегі бағаны салыстырамыз.

Қазақстан бойынша жоғарғы сұрыпты ұн ең арзан өңір Шымкен қаласы екен. Мұнда келісі 180 теңгеден басталады. Ал Маңғыстау облысының орталығында 185 теңге шамасында саудаланады. Өскеменде 190 Ал Петропавл дүкендерінде 200 ден саудаланады. Талдықорған мен Нұр-Сұлтан қаласында жоғарғы сұрыпты ұнның келісін 230 теңгеден алуға болады.

Енді Қазақстан қор биржасындағы валюта бағамына тоқталайық. АҚШ-тың бір доллары 420 теңге 11 тиынды құрады. Еуро 499 теңге 47 тиын, ал Ресей рублі 5 теңге 64 тиын деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы