429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі басталды

  • 118
  • UPD: 14:06, 02.09.2020

Бүгін елордада Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының XXVI съезі съезі бастау алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл жиын алғаш рет онлайн форматта өтеді. Қатысушылар өткен 5 жылда атқарылған жұмысын қорытындылап, алдағы уақыттағы жоспарларын құруды көздеп отыр. Дәл қазір арна тілшісі Дариға Ташенова дәстүрлі кездесуге қатысып, қандай мәселелер талқыланып жатқаны жайлы баяндауға дайын.

Дариға Тәшенова, тілші:

- Иә, шыныменен де карантин режимі енгізілгендіктен, биыл Кәсіподақтар федерациясы онлайн түрде ғана кездесе алды. Еліміздің барлық барлық өңірлерінен 160-қа жуық маман бейнебайланыс арқылы хабарласып, көкейіндегі түйіткілдермен бөлісуде. Айта кетейік, бүгін бұл бірлестік алдында үлкен мақсат тұр. Ол – алдағы бес жылда кәсіподақтар қызметін тиімді атқаруға мүмкіндік беретін стратегия құру. Құжат жұмысшыларды алаңдатып отырған әлеуметтік еңбек саласының өзекті мәселелерін қамтиды. Мұнда жұмысшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың бес бағытына басымдық берілген. Мәселен, еңбекақы жүйесін жетілдіру, лайықты еңбек етуге жағдай жасау, кәсіподақ мүшелерін әлеуметтік қорғау, еңбек даулары мен жанжалдарды шешу және қоғамдық бақылау ұйымдастыру туралы сөз қозғалады.

Айта кетейік, бүгінгі жиында еңбек нарығын қамтиын тағы да басқа маңызды мәселелер көтерілмек. Әсіресе, қолданыстағы Еңбек кодексінің нормаларына қатысты ұсыныстар өте көп. Сондай-ақ білім саласының мамандары үшін әлеуметтік және еңбек қатынастары аясында жағымды жаңалықтар мен бастамалар көтерілуі тиіс. Біз алаңдағы жұмысымызды жалғастырамыз. Жаңа мәліметтерді алдағы сағаттарда хабарлайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы