420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жолдаудағы аймақтарды тепе-тең дамыту жоспары маңызды – Түрік экономисі

  • 171
  • UPD: 19:45, 02.09.2020

Қазақстан президенті жолдауында коронавирус жағдайында жаһандық жаңа жүйеге бейімделудің басты қадамдарын атап көрсетті. Реформалық қадамдарды жүзеге асырудың тиімді механизмі жасалуы тиіс.

Алдымен аймақтардағы салалық әлеуетті анықтап, кең тынысты жол картасын дайындауы қажет. Бұл ретте білікті мамандарды жұмылдырып, жұмысты тиімді үйлестіру міндет. Саясатты талдау зертханасының басшысы, белгілі экономист Эсен Чағлардың пікірі осындай.

Айтуынша, Түркия Республикасы да 1930 жылдары осы тәжірибені жүзеге асырған.

Атап айтсақ, Анталия өңірі туризм аймағы ретінде өркендетiлсе, Мәрмәр теңiзi алабы ауыр өнеркәсіп аймағы ретінде белгіленген. Қазіргі таңда бұл мекендер елдің туризм және өндіріс саласындағы алыптары.

Эсен Чағлар, саясатты талдау зертханасы басқарушы серіктесі, экономист:

- Бірқатар мемлекет даму тәжірибесін ресурстарға негізделген экономикамен бастаған. Бертін келе ресурстық экономикадан тиімді экономикаға көшті. Тиімді экономиканың мақсаты, өндіріс орындарын дамытумен қатар оларды түрлендіру. Шикізатты экспорттаумен ғана шектелмей, басқа да баламалы сауда көздерін күшейту. Инновациялық экономикаға бейімделу. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауындағы аймақтарды тепе-тең дамыту жоспары осы тұрғыдан маңызды. Әлемді жайлаған індет тәжірибеден қорытынды шығаруға үйретті. Нақтырақ айтқанда, сыртқа тәуелділікті азайтудың маңызды екенін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы