431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Самұрық-Қазына» «БиПиАй Франс» компаниясымен инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізуде

  • 152
  • UPD: 06:33, 04.09.2020

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры соңғы бір жыл ішінде жалпы құны 600 млн долларға тең бірнеше шетелдік қормен бірлесе қызмет атқарды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі таңда «БиПиАй Франс» еуропалық компаниясымен бірлесіп, 100 млн доллар көлемінде инвестиция тарту бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы онлайн-брифинг кезінде қордың стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры Ләззат Боранқұлова айтты. Оның сөзіне сүйенсек, инвестициялық банктермен бірлесе жұмыс істеудің арқасында экономикалық тәуекел көрсеткіші азаяды.

Ләззат Боранқұлова, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директоры:

– Мемлекет басшысының жолдауында айтылғандай, экономиканы диверсификациялау бұл жай қажеттілік емес, бұл – баламасыз тура жол. Осы жұмыстардың шеңберінде қор жаңа инвестициялар үлесін арттыруды көздейді. Яғни 2028 жылы таза активтер құнынан 2-ден 10 процентке дейін және халықаралық, тікелей және портфельдік инвестиция көлемін 4-тен 20 процентке дейін өсіру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы