421,58 498,90 5.57
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер ететінін түсіндірді

  • 168
  • UPD: 15:13, 03.09.2020
Ұлттық банк теңге бағамына қандай факторлар әсер ететінін түсіндірді Zakon.kz

Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов валюта нарығындағы ахуал мен негізгі тенденциялар туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындысы бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.

«Әлемдік нарықта АҚШ долларының нығаюы, мұнай өңдеу зауыттарының жоспарлы техникалық қызмет көрсету үшін жабылуы және ОПЕК елдерінің мұнай өндірісін біртіндеп қайтаруы 2 қыркүйекте мұнай бағасына айтарлықтай қысым жасады. Бір күнде мұнай бағасы 1, 20 долларға немесе (-) 2,61%-ға төмендеді. Содай-ақ, энергия нарығындағы тұрақсыздық дамушы елдердің валютасына да әсер етті. Мысалы, Индонезия мен Оңтүстік Африка валюталары бір күн ішінде (-) 1,2% және (-) 1% төмендеді», – дейді Нұржан Тұрсынханов.

Оның айтуынша, теңгенің АҚШ долларына шаққандағы бағамы мұнай бағасының құлдырауына және дамушы елдер валютасының әлсіреуі әсерінен де төмендеді. 

 

Хабар 24 телеарнасы