420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлем елдерімен салық туралы ақпарат алмасады

  • 149
  • UPD: 12:26, 04.09.2020

Жыл соңына дейін экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің салық органдары жеке және заңды тұлғалардың қаржы шоттары жайлы өзара ақпарат алмасады.

Бүгін Үкіметтегі баспасөз мәслихатында премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов осылай деді.

Айтуынша, Қазақстан азаматтарына қатысты бұл мәліметтердің негізінде талдау жасалады. Айта кетейік қазіргі таңда ұйымның құрамында 40-қа жуық ел бар. Оның көпшілігі Еуроодақ мүшелері. Сондай-ақ Әлихан Смайылов президент жолдауында көрсетілген тапсырмаларды орындау мақсатында ақша аударымдарына қатысты заңнаманың жетілдірілетінін айтты. Бұдан бөлек елде кедендік және салықтық әкімшілендіруді цифрландыру жұмысы жалғасады деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Хабар 24 телеарнасы