429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісайлық диқандарға өтемақы төленді

  • 199
  • UPD: 19:58, 05.09.2020
Жетісайлық диқандарға өтемақы төленді

Түркістан облысында көктемгі тасқын кезінде 197 гектар егіс алқабы зардап шегіп, 30-ға жуық шаруа шығынға батқан болатын.

Өңірлік ғылыми зерттеу институтының мамандары су астында қалған әр дақылдың сапасы мен өніміне қарай шаруаларға шығын көлемін есептеп берген. Өтемақы диқандарға сол бойынша төленді. Мәселен, жүгері мен мақтаның әр гектарына 100-130 мың теңге көлемінде қаражат бөлінсе, қауын-қарбызға 170 мың теңгеге дейін өтемақы берілген. Себебі соңғысының алдыңғыларға қарағанда бейнеті мен шығыны көп. Жалпы шығын көлемі 43 млн теңгеге бағаланған. Бүгінге дейін өтемақы алған шаруалардың барлығы қайта егіс екті. Диқандар қазан айының соңына дейін күн жылы болып, қолайлы ауа райы сақталса өнім алуға болатынын айтады.

Марат Баянов, шаруа:

- 4,5 гектарға мақтам бар еді. Су тасқынында егістік жерді су басып кетті. Өтемақы сол 734 мың теңге алдым. Қайтадан орнына мақта ектім.

- Қазір қалай өсіп тұр?

- Жақсы, жаман емес.

- Үлгіресіздер ме?

- Енді Құдай күзін берсе, үлгіреміз. 

Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының әкімі:

- Кеткен шығындарды әр гектарына тиісті қаржысының барлығы бөліп берілді. Халық, ел риза. Бір де бір шаруа «мен кеткен шығынды алған жоқпын» деген жоқ. Бұл да елге келген қиындыққа берілген жәрдем болды.

Хабар 24 телеарнасы