420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлемде мұнай бағасы күрт арзандады

  • 165
  • UPD: 09:26, 07.09.2020
Әлемде мұнай бағасы күрт арзандады

Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 3 процентке түсіп кетті. Бұл маусым айынан бергі ең күшті құлдырау.

Brent маркалы қара алтынның баррелі 42 доллар 66 центке теңескен. WTI 4%-ке төмендеп, барреліне 39 доллар 77 центті құрады.

Сарапшылар пікірінше, мұнай бағасына АҚШ қор нарығындағы негізгі индекстердің төмендеуі кері әсер етті. Оған қоса жұмыссыздықтың белең алуы, штаттардағы бензинге деген ішкі сұраныстың азаюы да себеп. Биыл мұнайға деген әлемдік сұраныс тәулігіне 9-10 млн баррельге түсуі мүмкін. Ресейдің энергетика министрлігі осылай болжайды. Ал 2021 жылы орташа баға барреліне 55 доллар болуы ықтимал. Рейтер агенттігі мұнай картелінің өндірісті тәулігіне млн баррельге дейін арттыратынын хабарлады. Осылайша қысқарту көлемі біртіндеп әлсірейді. Бұл ретте Қазақстанның өткен айда ОПЕК мәмілесі аясындағы міндеттемелерін толықтай орындағанын айта кетейін.

Хабар 24 телеарнасы