420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Праймеризге қатысушы қаржыгер кәсіпкерлерді қалай жарылқау керектігін айтты

  • 130
  • UPD: 14:56, 07.09.2020

Қазіргідей қысылтаяң кезеңде шағын және орта бизнесті қолдаудың тиімді жолы жеңілдетілген несие беру.

Әрі оның кәсіпкерлердің басым көпшілігіне қолжетімді болуы аса маңызды. Қаржыгер, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырған праймеризге қатысушы Нұрбол Бәйзіров осындай ой айтады.

Айтуынша, шағын және орта бизнес өкілдеріне берілетін несие ұзақ мерзімге жоспарланып, проценттік мөлшерлемесі барынша төмендетілуі тиіс. Үміткер  бұл мәселені партияішілік іріктеуде қостанайлық шаруалардың мысалында көтеруді көздеп отыр.   

Нұрбол Бəйзiров, қаржыгер:

- Өзіміздің жоспарымызды, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, экономика жағынан ұсыныс жасауға дайындалып, жігерімізді білдірдік. Оның ішінде үлкен және кіші кәсіпорындарға арналған жоспарлар дайындалды. Соның қаншасы жұмыс істеп жатыр, қанша жұмыс істеліп жатқан жоқ, соған байланысты көптеген кемшіліктерді көріп соны нақты айтуға алдымызға жоспар қойдық.

Хабар 24 телеарнасы