426,25 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда алғашқы өнеркәсіптік парк ашылды

  • 130
  • UPD: 16:41, 07.09.2020

«Almaty Business 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асқан бұл жобаның басты мақсаты шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсету. Өткен жылдың қараша айында іске қосылған нысанда қазір кәсіпкерлер отандық тауарларды өндіре бастады.  

Тосыннан келген індеттен кейін, тұралап қалған ел экономикасын аяқтан тұрғызу үшін талай шаруалар атқарылу керектігін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында жіліктеп тұрып жеткізді. Осы бағытта Алматылық кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасалып отыр. Жаңадан іске қосылған өнеркәсіптік парктерде кәсіпкерлер үшін біршама артықшылықтар бар дейді  «Almaty Finance» компаниясының өкілі. 

Нұржан Садықов, «Almaty Financе» ЖШС департаментінің директоры:

- Бұл бағдарламаның ерекшелігі кәсіпкерлерге үш жылға дейін 2 пайызбен ешқандай коммисиясыз70 миллион теңгеге дейін несие беріледі. Және қаражатты бекіту мерзімі 30 күннен 5-10 күнге қысқартылды. Бұрын қаңырап бос тұрған кешендерді қайта жөндеуден өткізіп, осындай өнеркәсіптік парктерді аштық. 

Алматыдағы Наурызбай ауданында бой көтерген өнеркәсіптік паркте қазіргі таңда кәсіпкерлердің бірі отандық жиһаздарды жасап жатса, енді бірі медициналық төсек орындар мен бетперде шығаруды қолға алды. Ал 6 жыл бойы аядай ғана бөлмеде кеңсе заттарын шығарып келген Шахила Баймұрат жақын күндері осы өнеркәсіптік кешенге көшеді. Сұраныс өзге елдерден де келіп жатқан көрінеді.

Шахила Баймұрат, кәсіпкер:

- «Ala Estate» келісім-шарт 5 жылға отырдық. Ол жерде 1200 теңге квадрат метріне баға қойылған. Ол енді арықарата 5 жыл бойы өзгермейді.  Біз тарапымыздан ол өте жеңілдік. Өйткені жеке секторларға барып отырасыз біраз уақыттан кейін аренданы көтеріп жереді. 

Алдағы уақытта Алматыда тағы алты өнеркәсіптік паркті ашу жоспарда бар көрінеді. Жалпы осы күнге дейін «Almaty Business 2025» бағдарламасы аясында 29 жоба мақұлданып, 17-сі қаржыландырылған. Нәтижесінде 214 жұмыс орыны ашылған.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Айдар Әбдешов

Хабар 24 телеарнасы