431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазАгро» ҰБХ жылына жүз мың тонна сүт өндіретін 29 ферманы қаржыландырды

  • 131
  • UPD: 20:56, 08.09.2020

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі бүгінге дейін жылына жүз мың тонна сүт өндіретін 29 ферманы қаржыландырды. Сондай-ақ Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында шаруалардың жаңа техника мен асыл тұқымды ірі қара сатып алуына қолдау көрсетті. Осылайша елдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосып келеді. «ҚазАгро» холдингіне жататын еншілес «Аграрлық несие корпарациясынан» несие алып, кәсібін домалатып отырған шаруашылықтың бірі «Камышенка» ЖШС.

Ақмола облысы Шортанды ауданына қарасты Камышенка ауылы. Сырттай қарағанда шағын елді мекен. Десе де мұнда ірі жобалар жүзеге асып жатыр. Дүйсенбай Ильдебаев басқаратын шаруа қожалығы биыл «Аграрлық несие корпарациясынан» 505 миллион теңге қаржы алып, Украинадан асыл тұқымды 400 бас ірі қара әкелген. 

Айбек Қабзеев, «Камышенка» ЖШС атқарушы директоры:

- «Голштин» породасындағы сүт сиырлары және соларға арналған екі ферма соның құрылысына алдық. Екінші кезең мал келді. Бірінші күні 158 бас. Кеше екі машина тағы 58 бас келді. Қалғаны жолда келе жатыр. Бұл 400 бас сиырдың келгенінің арқасында өзімізде сүт өндіруді екі есе ұлғайтамыз. Оған дейін бізде 6-6,5 мың литр сүт саусақ, бұлардың арқасында 13 тоннаға дейін сүт шығарамыз. 

Шаруа қожалығы мал бағумен қатар егіншілікпен де айналысады. Яғни жайылым мен жем-шөп дайындауда тапшылық жоқ. Жеңілдікпен берілген несиенің арқасында қора-жайын да жаңалап жатыр.

Асет Көшкінбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры:

- Бұл шаруашылықты қаржыландыру арқылы біз сүт тапшылығы мәселесін шешіп, импортқа тәуелділікті азайтамыз. Екіншіден, сүт сапасы жақсарады. Шаруашылықты кеңейтуге мүмкіндік мол. Олар жем-шөп дайындау мақсатында қосымша несие алуға сұраныс берді. Егер ол мақұлданса, жобаның жалпы құны 2 миллиард теңгеге шығады.

Бүгінде шаруа қожалығында 150-ге жуық адам жұмыс істейді. Енді жаңадан 10 жұмыс орны ашылады. «ҚазАгроның» қаржылай қолдауы азық-түлік қауіпсіздігімен қатар еңбек нарығына оң әсер ететінін көрсетті.

Авторлар: Талғатбек Әбді-қожа, Ермек Кеншінбек

Хабар 24 телеарнасы