420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан әлемнің 105 еліне экспортты қамтамасыз етті

  • 97
  • UPD: 10:14, 09.09.2020
Қазақстан әлемнің 105 еліне экспортты қамтамасыз етті kazdata.kz

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады.

Есептік кезеңде экономиканың нақты секторындағы оң өсу жалғасуда. Бұлар – құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі.

Дайын өнім экспортының өсімі байқалады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысының айтуынша, биылғы қаңтар-шілде айларында автомобиль экспорты – 7 есе, ферросилиция – 6 есе, күнбағыс майы – 1,7 есе, титан құймасы 20,5% артты. Есептік кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт қамтамасыз етілді.

«Биылғы 7 айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт – 28,6 миллиард долларды, импорт 20,1 миллиард долларды құрады. Сауда балансының 8,5 миллиард доллар оң сальдосы сақталуда», – деді Руслан Дәленов.

Хабар 24 телеарнасы