421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандағы жалпы ішкі өнім 3% төмендеді

  • 108
  • UPD: 11:57, 09.09.2020
Қазақстандағы жалпы ішкі өнім 3% төмендеді

Елдегі жалпы ішкі өнім көрсеткіші 3 процентке төмендеп, жылдық инфляция тамыздағы жағдай бойынша 7 процентті құрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Үкіметтің онлайн отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді. Коронавирус індетінің әлемдік және ішкі экономикалық белсенділікті бәсеңдеткені белгілі. Жыл басынан тауар өндірісі 1,7 процентке артқанымен, қызмет көрсету және сауда саласындағы өнімділік 6,1 процентке кеміген. Президенттің 1 қыркүйектегі жолдауына сәйкес жаңа жағдайда экономикалық дамуды қамтамасыз ету үшін Үкімет бүгін жалпыұлттық жоспардың жобасын бекітті. Жобаға сәйкес 11 жұмыс әр саланың дамуын қадағалайтын 11 жұмыс тобы құрылмақ.

Хабар 24 телеарнасы