420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті

  • 125
  • UPD: 11:19, 09.09.2020
Жыл басынан бері мемлекеттік бюджетке 5,5 трлн теңге кіріс түсті Zakon.kz

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2020 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша республикалық бюджеттің орындалуы туралы баяндады. 

Мемлекеттік бюджетке (трансферттерді есепке алмағанда) 5,5 трлн теңге сомасында, республикалық бюджетке 3 трлн 455 млрд теңге сомасында кіріс түсті, деп хабарлайды primeminister.kz.

Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 610 млрд теңгені құрады. Негізгі атқарылмау сомалары қосылған құн салығы (596 млрд теңге) және корпоративтік табыс салығына (260 млрд теңге) тиесілі болды.

Жергілікті бюджеттердің меншікті кірістері 121%-ке атқарылды және 2 трлн теңгеден астамды құрады. Жоспар 353 млрд теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша – 328 млрд теңгеге.

Барлық өңірлерде кірістер жоспарлары асыра орындалды.

Мемлекеттік бюджеттің шығыстары 98,8%-ке, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,5%-ке, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,4%-ке атқарылды.

Республикалық бюджеттің шығыстары 9 трлн 251 млрд теңгені құрады. 45 млрд теңге атқарылмаған. Оның ішінде үнемдеу – 17 млрд теңге, игерілмегені – 28 млрд теңге.

«Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді, шарттарды жасасу рәсімдерін ұзақ және уақтылы өткізбеу, орындалған жұмыстар актілерін ұсынбау, карантиндік шектеулерге байланысты тауарларды жеткізбеу, нақты көрсетілген қызметтер көлемі, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу, сондай-ақ республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражаттың жеткіліксіздігі», – деді министр.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 4,9 трлн теңгені құрады. Атқарылмағаны – 80 млрд теңге.

Хабар 24 телеарнасы