420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы жыл сайын екі есе артып келеді

  • 60
  • UPD: 08:55, 17.09.2020

Тиісті мәлімет Сеулде екі елдің инвестициялық форумында жария етілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізі инвестициялық форумға қатысуға ниет білдіргендер көп болды. Алайда Сеулдегі санитарлық талапқа сәйкес, бір жерде 50 адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Қазақстан тарабы жиынға онлайн қатысты.

Марат Бірімжан, Kazakh Invest компаниясының өкілі:

– Біз қазір вебинар мен семинарларды көптеп өткізіп жатырмыз. Мынадай халықаралық форуммен салыстырғанда, ондағы қатысушылар саны әлдеқайда көп болады.

Коронавирус бизнес-ұсыныстарға да әсер етті. Адамдарға үйден шықпай-ақ қызмет көрсететін жобалар пайда болды.         

Ким Джон Сон, компания президенті:

– Егер бағдарламаны Қазақстанға енгізсек, тұрғындар кез келген ауданнан шынайы уақыт режимінде тамаққа не басқа тауарға тапсырыс бере алады.

Чон Чин Ён, Орталық Азия сауда палатасының төрағасы:

– Бүгінде Қазақстанда киім-кешек, аяқ киім немесе қайта өңделген тауар өндіретін компаниялар аз. Корея жағы мұнымен айналысуға дайын. Жоғары сапалы өнім Қазақстанда шығарылады. Ал оның бағасы төмен болады.

Kazakh Invest ұлттық компаниясының мәліметі бойынша Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айнылымы 2017 жылы бір миллиард 700 мың доллар болса, былтыр бұл көрсеткіш 6 жарым миллиард долларға дейін артқан. 

Марат Бірімжан, Kazakh Invest компаниясының өкілі:

– Біздің экспорт үлесімізде мұнай, металдар секілді шикізат басым. Ал Оңтүстік Кореядан Қазақстанға келетін импортта өндіріс, машина жасау, жабдық көп. Қазір Оңтүстік Корея компаниялары елімізге барынша инвестиция салып, өз жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Бүгінде арадағы ортақ жобалар саны 50-ге жеткен. Ал олардың жалпы сомасы 5 милилард 400 миллион доллардан асады.

Авторлары: Жұлдыз Атагельдиева, Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы