427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде биыл астықтың экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тоннаны құрайды

  • 130
  • UPD: 10:15, 22.09.2020
Елімізде биыл астықтың экспорттық әлеуеті 7,5-8 млн тоннаны құрайды The Qazaq Times

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында 2020 жылғы егін жинау жұмыстарының барысы қаралды.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда елімізде егін жинау жұмыстарының 93%-тен астамы орындалған. Өнім көлемі 18 млн тонна астық деңгейінде жоспарланып отыр. Өнімділік – 12,3 ц/га. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті шамамен 7,5-8 млн тоннаны құрайды.

«Жаһандық үрдіске қарағанда әлемдік нарықта азық-түлікке деген сұраныс пен баға тек арта бермек. Сондықтан біздің басым міндетіміз – астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін айтарлықтай ұлғайту», ­­­– деді А.Мамин.

Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне дәнді және бұршақты дақылдарды қайта өңдеу саласын дамыту, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Әкімдіктер мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне қысқа мерзім ішінде астық жинау жұмыстарын аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз ету, астыққа сатып алу бағасын белгілеу және нарық қатысушыларын хабардар ету, форвардтық сатып алу тетігі аясында қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету тапсырылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы