428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда микронесие алушылар саны үш жылда екі жарым есеге өскен

  • 144
  • UPD: 14:17, 24.09.2020
Қазақстанда микронесие алушылар саны үш жылда екі жарым есеге өскен Almaty.tv

2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бүгінге дейін 2 миллион адамды қамтыды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәжілістегі үкімет сағатында мәлімдеді. Оның айтуынша, микронесие мен грант алған жұмыссыз азаматтар кәсібін бастап 153 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Ал микронесие алушылар саны үш жылда екі жарым есеге өскен. Қаржы алғандардың 63 проценті бизнес ашқан. Қазір олар жылына 73 миллиард теңгенің өнімін шығарып отыр. Бұған қоса 84 мың адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналасты. Оларға төленетін жалақының 35 проценті бір жыл бойы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Хабар 24 телеарнасы