429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбедегі сіріңке бағасы 90-жылдардағы ахуалды еске түсіреді

  • 134
  • UPD: 10:16, 25.09.2020

Ақтөбеде сіріңкенің құны күрт шарықтап кетті. Халық арасында сұранысқа ие тауардың бағасы екі есе артқан. Бұған дейін 5 теңгеден сатылатын қорапшасы қазір дүкендерде 10 теңгеден саудалануда. Жаздың соңғы айларында тіпті сатылымнан жоғалып кеткен де болатын. Дүкеншілер ол кезде сіріңкенің қоймаларда да болмағандығын жеткізді. Қазір сіріңке өңірдегі барлық сауда орындарынан талбылғанымен бағасы бас шайқатады. 

- 10 теңгеден сатып жатыр ғой. Былай шырпы бар. Мен сұрадым не қымбат деп, қыздар айтады бізге 8 теңгеден алып келеді деп. Кім қай жерде, қалай көтеріп жүргенін. Бір тиынның заты ғой былай негізі. 5 теңгеден болса да ладно. Солай әкеліп оптом тапсырып жатыр ғой 8 теңгеден. 

- Ай жарымдай болған шығар шырпы болмай қалды. Бір апта болған шығар келгеніне.

- Келген кезде бағасы қаншадан келіп жатыр?

- Біз алдында шырпыны 5 теңгеден саттық. Былай қаншадан алатынын мен білмеймін. Хозяйка алады. Сату бағасы осы тұрғанда 10 теңге. 

Ақтөбе өңіріне сіріңке көршілес Ресей елінен жеткізіледі. Маусым айында 38 мың тоннасы импортталса, шілдеде 61 мың тонна әкелінген.

Бұл ақпаратпен бөліскен облыстық статистика департаменті мамандары «әлі тамыз айының қорытындысы жасала қойған жоқ» дейді. Дегенмен, әлемдік пандемияның кесірінен тасымалдың тұралап қалуы сіріңке бағасының шарықтап кетуіне себеп болуы әбден мүмкін. Себебі биылғы қаңтар-шілде айлары аралығының өзінде өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен келген импорт көлемі 56 миллион 228 мың долларға азайған.

Хабар 24 телеарнасы