432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде кәсіпорындар жұмысшыларға 44 миллион теңге қарыз

  • 133
  • UPD: 14:43, 25.09.2020
Ақтөбеде кәсіпорындар жұмысшыларға 44 миллион теңге қарыз

Ақтөбелік кәсіпорындар жұмысшыларына 44 миллион теңге берешек. Бұл бірнеше ай бойы қордаланып қалған жалақы қарызы. Қазір 150-ге жуық азамат әлі де тиісті нәпақасын ала алмай жүр.

Олар мұнай-газ саласының және өзге де қазба байлықтарын өндіруші қос мекеменің жұмысшылары. Бұл өндіріс орындары банкротқа ұшырап, дәрменсіз серіктестік деп танылды. Облыстық еңбек инспекциясы өкілдерінің хабарлауынша, жыл басынан Ақтөбе облысында 2 мың 700 жұмысшының құқығы қорғалған. Заңды белшеден басқан жұмыс берушілерден 400 миллион теңге көлемінде жалақы өндірілді.

Бауыржан Оразаев, облыстық еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары:

- 8 ай ішінде біздің басқармаға 700-ге жуық арыз түсті. Күніне 6-7 адамнан арыз түсіп отырады. Заңнамаға сәйкес барлық өтініштер Бас прокуратура жанындағы құқықтың статистика басқармасында тіркеледі. Одан әрі біздің инспекторлар тексеру жұмыстарына кірісеміз.

Хабар 24 телеарнасы