428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық банк доллардың қымбаттау себебін түсіндірді

  • 138
  • UPD: 12:32, 28.09.2020
Ұлттық банк доллардың қымбаттау себебін түсіндірді Zakon.kz

Доллар коронавирустың болуы мүмкін екінші толқыны мен АҚШ-тағы сайлау қарсаңында қымбаттап отыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бұл туралы Ұлттық банктің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов айтып отыр.

28 қыркүйекте сауда-саттықтың ашылуында теңге 0,38%-ға әлсіреп, 428,20 теңгені құрады.

– АҚШ долларының индексі коронавирустың екінші рет қайталануына байланысты алаңдаушылықтардың күшеюі аясында, сондай-ақ АҚШ-та алдағы уақытта болатын президет сайлауына байланысты негізгі әлемдік валюталар қоржынына қарсы нығайып, екі айдағы шарықтау шегіне жетті. ХВҚ өкілдерінің айтуы бойынша, коронавирус пандемиясына байланысты дағдарыс күтілгеннен ұзағырақ жалғасады және кейбір елдердің экономикасына өсуге қайта оралу үшін жылдар қажет болады. Еуропада коронавирустың екінші рет қайталануы туралы үрейлену және шектеу шараларын енгізу де долларға қолдау көрсетеді, – дейді Тұрсынханов.

Сарапшы нарықтағы қысымды дамушы елдердің валюталары да сезінгенін айтады. Түрік лирасы бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіштерді жаңартуды жалғастырса, Бразилия реалы мен Мексика песосы жұмада 0,9% әлсіреді, Оңтүстік Африка ранды доллармен салыстырғанда құнын 1,2%-ке жоғалтты.

Ал Ресей рублі өткен аптада бір доллар үшін сәуірдегі деңгейдің ең жоғары көрсеткіші – 78 рубль белгісінен асып, артта қалушы атанды. Мәскеу биржасындағы сауда-саттық 78,19 деңгейінде жабылып, жұма күні 1,35%-ға төмендегенін көрсетті.

– Доллар индексінің өсуі мұнай бағасының төмендеуіне себеп болды. Бейсенбі және жұма күндері сауда-саттықта мұнай бағасын белгілеу әлсіз қалпына келуіне қарамастан, қара алтын бағасының апталық үрдісі теріс аймақта – минус 2,9% болып қалып отыр. Сонымен қатар, мұнайға сұраныстың өсу перспективасы COVID-19 жағдайларының жаңа өсуі және бірқатар елде шектеу шараларын енгізу аясында күмәнді болып қалуда. Дамушы елдер валюталарының жалпы қозғалысы және мұнайға сұраныстың қалпына келуіне қатысты белгісіздік жағдайында теңге бағамы іргелі сыртқы факторлардың серпініне сәйкес қалыптасады, – дегенді алға тартады ол.

 

Хабар 24 телеарнасы