427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан мен АҚШ Преференциялардың бас жүйесін талқылады

  • 102
Қазақстан мен АҚШ Преференциялардың бас жүйесін талқылады ҚР СИМ

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев пен еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі А.А. Сарбасов АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия бойынша Сауда өкілінің көмекшісі Кристофер Уилсонмен, сондай-ақ оның АҚШ үкіметіндегі әріптестерімен ВКС форматында брифинг-кездесу өтті.

Брифингте тараптар халықаралық еңбек ұйымының 1948 жылғы 9 шілдедегі қауымдастық бостандығы және ұйымдастыру құқығын қорғау туралы №87 конвенцияның ережелерін орындауға қатысты, сондай-ақ Қазақстанның АҚШ преференциялар жүйесін одан әрі пайдалануы жөніндегі ұсынымдарын іске асыру мәселелерін талқылады.

ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қ.Қ. Төребаев 2020 жылдың 7 айында өзара сауда көлемі туралы ақпаратпен бөлісті, ол $0,9 млрд құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23%-ке төмен ($1 299,4 млн). Қазақстанның экспорты 27,2%-ке төмендеп, $338,0 млн құраса, импорт – $661,9 млн, яғни 20,8%-ке төмендеді.

Ол тауар айналымының төмендеуінің негізгі факторы ретінде барлық елдердің, соның ішінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы сауда қатынастарында көрініс тапқан коронавирус пандемиясының салдарын атап өтті.

Сонымен қатар Қ.Төребаев сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуды тереңдету мақсатында жеткізілетін тауарлар мен қызметтер номенклатурасын кеңейту, іскер топтар арасында тікелей байланыстар орнату бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруды ұсынды.

Ол сондай-ақ ҚР-АҚШ арасындағы іскерлік кеңестің ашылуы АҚШ Сауда палатасының кеңейтілген платформасы арқылы екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту бойынша жақсы мүмкіндік ретінде вице-министр Қ.Төребаев ерекше атап өтті.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының бірлескен өндірісін ашу мүмкіндігін, сондай-ақ Орталық Азия өңірінде мультимодальдық көлік хабын салу бойынша американдық компаниялармен бірлескен жобаны іске асыруға қатысты ұсынысты біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейтудің перспективалық нұсқалары ретінде вице-министр ерекше атап өтті.

Ақпарат көзі: ҚР СИМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы