428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Арабтек Холдинг» құрылыс компаниясы жабылады

  • 70
  • UPD: 16:33, 01.10.2020

Біріккен Араб Әмірліктерінде орналасқан «Арабтек Холдинг» құрылыс компаниясы қаржылай қиындыққа байланысты жабылады.

Оған бірлестіктің биылғы жылдың алғашқы 6 айында 216 миллион доллар шығынға батуы себеп. Құрылыс алпауыты әзірге банкрот туралы ресми мәлімдеме жасамаған. Бірақ компания қызметкерлері жазбаша ескертілген.

Айта кетейік, «Арабтек Холдинг» бірлестігінің еншілес кәсіпорыны Нұр-Сұлтан қаласындағы «Абу-Даби Плаза» кешенінің бас мердігері. Оның құрылысы 2010 жылы басталып, 2016 жылы аяқталуы керек еді. Бірақ нысанды тапсыру үнемі кейінге шегеріліп отырған. Жалпы «Арабтек» 240-қа жуық жобаны сәтті жүзеге асырған екен. Оның ішінде әлемдегі ең биік зәулім ғимарат Дубайдағы Бурдж-Халифа бар.

Хабар 24 телеарнасы