432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда цифрлық жанармай құю бекеті ашылды

  • 96
  • UPD: 23:39, 02.10.2020

Алматыда «Petroretail» компаниясының еліміздегі автоматтандырылған алғашқы жанармай құю бекеті ашылды. Енді көлік жүргізушілері бекетте орнатылған төлем қондырығысы арқылы қалаған жанармайын сатып алып, өздері құя алады. Коронавирус пандемиясы кезінде адамның қауіпсіздігі үшін жасалған бұл жүйе уақытты да үнемдейді. 

«Qazaq oil» жанар-жағармай құю бекетіне келген жүргізуші Әділдет Кішкенебаев автоматты қондырғыны игеру оңай екен, дейді. Төлем қондырғысының ақпараттық тақтасынан қажетті бензин маркасын таңдап, мөлшерін көрсеткен соң тиісті ақшасын төлейді. Жанармай сапасына да көңілі толады.  

Әділет Кішкенебаев, қала тұрғыны:

- Келдім картамен төледім, неше литр керек екенін құйып 2-3 минутта бәрін құйып өте ыңғайлы. Бәріне кеңес беремін. Менің ойымша, бұл автоматикалық жүйе болшақта өте ыңғайлы, барлық жанармай құю станциялары осындайға өткені дұрыс болар еді.

Алматыда көлік саны жылдан жлға артып келеді. Сапалы жанармайға сұраныс жоғары. Сондықтан компания өкілдері жанармай құю бекетін автоматтандыру заман талабы дейді.   

Айдос Бултаев, «Petroretail» ЖШС  Алматы және Алматы облысындағы филиалының директоры:

- Бұл автоматтандырылған  жанармай құю бекетінде баға бәсекелестерімізбен салыстырғанда біршама төмен. Өйткені біз қызмет көрсетуге кететін шығынды қысқарттық.  Бұл жерде тек бір ғана оператор жұмыс істейтін болады. Ол автоматты жүйені дұрыс пайдалануды көрсетіп, көмектеседі.

Автоматтандырылған жанармай құю бекетіне келген жүргізушілер үшін шағын дүкен де бар. Мұнда да ақша қабылдайтын қондырғы орнатылған. Жалпы елімізде ««Petroretail» компаниясының 300-ден астам жанармай құю бекеті бар.

Компания өкілдерінің айтуынша, егер автоматты жүйеге сұраныс артатын болса олар да цифрлық жүйеге ауыстырылады.

Авторлар: Алмас Садуақас, Эдуард Кон

Хабар 24 телеарнасы