427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында тұрғындар қос бағдарлама көмегімен кәсіп ашты

  • 116
  • UPD: 23:58, 02.10.2020

Ақмола облысы Жақсы ауданында «Еңбек» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламалары сәтті жүзеге асып жатыр. Тұрғындар кәсіп ашып, әлеуметтік нысандар жөнделіп қалды. Жергілікті тұрғындар жаңадан салынып жатқан су бөгетіне риза.

Наталья Коцюба бірнеше ай үйде жұмыссыз отырды. Биыл ол «Еңбек» бағдарламасы бойынша 555 мың теңге қайтарамыз қаржы алып, ауылда алғашқы болып балалар ойын бөлмесін ашты.

Наталья Коцюба, кәсіпкер:

- Мен немерелерімді ойнату үшін Көкшетауға, Атбасарға апарып жүрдім. Жол алыс. Өткен қыс қатты болды. Ешқайда шықпадық. Содан кейін карантин басталды. Балалар ауылда зерігіп кетті. Қызыммен ойлана келе, ойын бөлмесін аштық. 

Мемлекеттік бағдарламалардың игілігі тұтас елді мекендерге де тиіп жатыр. Подгорноеда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша ауыл клубы жаңа кейіпке енді. Былтырдан бері 24 млн теңге бөлініп, мәдени ошақ толық жөнделді.

Лидия Макогон, ауыл клубының меңгерушісі:

- Биыл ғимараттың қасбеті жөнделді. Қоршаулар қойылды. Былтыр шатыр жабылған болатын. Тұрғындар өте қуанышты. Бюджеттен қаржы бөлініп, клубымыз жаңарып қалды. 

Жақсы ауданындағы ауыз толтырып айтарлық жоба - бұл су бөгетінің құрылысы. Оған облыстық бюджеттен 148 млн теңге бөлінді. 

Ерлан Серікбаев, Чапаевское ауылының әкімі:

- Көктемде қар еріген кезде мынау осы суға қосымша қырдан су келеді. Су келген кезде мынау артымыздағы мына жаңағы өзіміз істейтін платинаны жылда жасаймыз жылда шайып кетеді. Сол шайып кеткен кезде мына әрімен қарай бізде Есіл ауданында Ленинский деген ауыл бар. Сол ауылда 200 адамдай тұрады. Сол ауылды шайып кету қатері бар. 

Бөгетінің биіктігі 15 метр. Оның астына 7 су өткізгіш құбыры салынып жатыр. Нысан осы айда салынып бітуі тиіс. Енді тұрғындары көктемді үрейсіз қарсы алады.

Хабар 24 телеарнасы