427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бішкек оқиғалары қырғыз экономикасына кеcірін тигізіп жатыр

  • 91
  • UPD: 10:19, 07.10.2020
Бішкек оқиғалары қырғыз экономикасына кеcірін тигізіп жатыр

Қырғызстандағы қазіргі саяси жағдай салдарынан елдің сыртқы саудасы тоқтады. Экономиканың экспорт импорт сынды маңызды секторы соққы алды.

Атап айтқанда, банктер бизнесмендерден кедендік төлемдерді қабылдамай жатыр. Осының салдарынан Қырғызстан экономикасы 200 миллионнан 300 миллион сомға дейін зардап шегуі мүмкін. Немесе 2,5 миллион доллардан 4 миллион долларға дейін шығын келеді. @tengenomika телеграм-каналының сарапшылары осындай болжам жасады.  Сонымен қатар ішкі саяси факторлардан Бішкектегі сауда орталықтары мен коммерциялық банктердің жұмысы тоқтап тұр. Елдің барлық шенеуніктерінің шоттарымен банк операциялары жүргізілмейді.

Айта кетейік, коронавирус салдарынан Қырғызстанның жалпы ішкі өнімі биылғы қаңтар-тамыз айларында 5,9%-ке төмендеді. Ал қазіргі саяси жағдай қаржы-экономикалық процестерге қысымды күшейтеді.

Хабар 24 телеарнасы