428,05 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейге электр қуаты үшін жұмсалатын 12 млрд теңгені үнемдеу көзделді

  • 83
  • UPD: 14:46, 07.10.2020
Ресейге электр қуаты үшін жұмсалатын 12 млрд теңгені үнемдеу көзделді

12 млрд теңге немесе 30 млн доллар. Жыл сайын осынша қыруар қаржыны еліміз электр энергиясынан үнемдемек. Мәжіліс тиісті заңды мақұлдап, Сенатқа жолдады.

Депутаттардың айтуынша Ресей компаниялары елімізде күрделі қуат көздерін жүргізумен айналысады. Егер ел ішінде жоғары қуатты станцияларды салсақ, Қазақстанның электр энергия бойынша сыртқы көздерге тәуелдігілігі жойылады екен.

Пайымдауларынша, жыл сайын Ресейге кетіп жатқан 12 млрд теңге елде қалмақ. Сондай-ақ электр энергия станцияларын таңдау тендерлік тәсілден аукциондық форматқа көшеді. Заңды әзірлеушілердің айтуынша бұл конкурстың ашықтығын қамтамасыз етеді және экономикалық тұрғыдан тиімді дейді. Ал станца иелеріне жаңартылған қуат көзін қолданғаны үшін жеңілдік қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы