427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда сотталғандар түрмеде өсімдік майын шығарады

  • 83
  • UPD: 11:01, 10.10.2020

Петропавлдағы ЕС-164/3 түзету мекемесінде өсімдік майы шығарылады. Жеке кәсіпкер түрмеде шағын цех ашып, жазасын өтеушілерді жұмыспен қамтып отыр. Зығырдан өңделген өнім мал азығына арналған биоқоспа ретінде қолданылады. Темір тордың ар жағында тағы қандай өндірістер бар? 

Мына бір шағын ғана цех айына 300 тонна зығыр өңделіп, өсімдік майын дайындалады. Таңсық өндірісті жазасын өтеуші Валерий Медведев игеріп алған. Биоқоспаны құс фабрикалары талап алады.

Валерий Медведев, сотталушы:

- Зығырды өңдеп, май мен күнжара аламыз. Бұл өнім құс фабрикаларына биоқоспа ретінде сатылады. Оны кез келген үй жануарына беруге болады.

ЕС – 164/3 түзету мекемесінде әрбір екінші жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған. Қазір мұнда 140 адам еңбек етеді. Олар киім тігеді, жиһаз жинайды, тас құйып, нан пісіреді.   

Рүстем Рахметов, қылмыстық атқару жүйесі департаменті ЕС – 164/3 мекемесі бастығының орынбасары:

- Ақыларын бізде мекемеде орналасқан мекемеде өздеріне керек заттарын ала алады. Яңни жартысын туысқандарына жібереді. Және азаматтық борыштарын өтейді кімде азаматтық борыштары бар. Тәрбиенің бір шарасы осы жұмыспен қамту болып саналады. 

Түрмеде кәсіп ашамын деген іскер азаматтарға өндіріс аумағы тегін беріледі. Қазір мұнда 7 цех жұмыс істеп тұр.  

Авторлар: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы