429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Руслан Дәленов Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты

  • 76
  • UPD: 09:49, 13.10.2020
Руслан Дәленов Қазақстан экономикасы қандай жағдайда екенін айтты primeminister.kz

Үкіметте қаңтар-қыркүйектегі әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындыланды.

Қызмет көрсету саласында белсенділік артқан. Нақты сектордағы өсу сақталуда.

«Жедел деректер бойынша, ЖІӨ өсу қарқыны 8 айда минус 3%-тен қаңтар-қыркүйекте минус 2,8%-ке дейін жақсарды. Жылдық инфляция 7,0% деңгейінде сақталды», – деді ҚР ұлттық экономика министрі.

Дәленовтің айтуынша, егер қыркүйекті бөлек қарастыратын болсақ, көптеген қызмет көрсету саласы қалыпқа келудегі өсуді көрсете бастаған.

«Көптеген салалар қыркүйек айында оң өсу көрсетті. Бұл ауыл шаруашылығы (166,5%-ке), құрылыс (95,4%-ке), білім беру (38,2%-ке), техникалық (36,3%-ке) және қаржылық қызмет (21,7%-ке), сауда (2,7%-ке), көлік (1,2%-ке) және басқалар. Осылайша, қыркүйектегі көрсеткіштер іскерлік белсенділіктің жандануын көрсетті. Қызмет көрсету саласы қалпына келтірілуде», – деді Руслан Дәленов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Көптеген өңірлерде өнеркәсіптің өсуі байқалады. Ең көп өсуді Қостанай (6,9%-ке), Ақмола (6,8%-ке), Солтүстік Қазақстан (5,3%-ке) облыстары көрсетті. Бұл туралы ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі өндірісі 3,3%-ке өсті. Фармацевтика, дайын металл бұйымдары, машина жасау, соның ішінде автомобиль жасау және жеңіл өнеркәсіп жоғары өсу қарқынын көрсетті.

Негізгі капиталға 8,3 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды. 13 өңірде инвестицияның өсуі байқалады. Оның ішінде ең үздік көрсеткішке Түркістан облысында (66,7%-ке) және Шымкент қаласында (36,2%-ке) қол жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы